Байырғы, заманғы, заманалық, баяғыдағы, ескілікті, заманауи

lat: Baıyrǵy, zamanǵy, zamanalyq, baıaǵydaǵy, eskilikti, zamanaýı.

Бұрынғы өткен дәуірдегі, ертедегі.

Қазақ халқы өздерінің жеті атаға жеткенде ғана некелесетін байырғы салтын сақтап келген (М. Ысқақов).

Шалғынға жүзген кең жазық, Заманғы жайлау Ералы, Ақынға тартқан жол азық Сақтапты сырын ол әлі (Ғ. Орманов).

Аға ұрпақ атқарған, әлемдік тарихқа әсер еткен заманалық жұмыстар жалғасын табудаҚазақст. мект.»).

Өмірбай баяғыдағы ақ селеудей үлпілдеген жауқыр көз сұлу мен кексе тартқан мынау келісті ақ бәйбішенің қайсысы Жамбы екенін біле алмай аңырап қалды (Ш. Құмарова).

Өне бойын қына басып кеткен төрт-бес қара тас - ескілікті моланың орны (Ә. Кекілбаев).

Әділдік жолындағы адамның сөзі, қарекет-тірлігі арқылы заманауи міндеттерін алға тартамыз («Қаз. әдеб.»).